Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы (2024.22.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) бекітілсін. 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешіммен бекітілген қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. 4. Осы шешіммен бекітілген қағидалардың 8-тармағының төртінші абзацы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді деп белгіленсін. 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 шешімімен бекітілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|