Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 39 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін. 2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы «Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» № 7-265 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 18 сәуірде № 2677 тіркелген және 2014 жылғы 25 сәуірде «Талдықорған» газетінің № 17 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Б. Тұрұсбеков) осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интерент-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы «Талдықорған» газетінде жүзеге асырсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлына жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|