Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарын 2015 жылы жасақтау туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесінің 7-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) білім беру ұйымдары тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2015-2016 оқу жылына арналған ІІМ жоғары оқу орындарының күндізгі оқыту нысаны бойынша қабылдау жоспары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2015-2016 оқу жылына арналған ІІМ жоғары оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша қабылдау жоспары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2015-2016 оқу жылына арналған жоғары оқу орындарының күндізгі оқыту нысанына оқуға үміткерлерді жіберу туралы жоспар бекітілсін. 2. ІІМ комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің бастықтары, Астана, Алматы қалаларының, облыстардағы және көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД, КІІД) және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі - ҚАЖД) бастықтары: 1) ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмысты ұйымдастыруды жеке бақылауға алсын және оқуға үміткерлерді жіберу жөніндегі жоспардың орындалуын қамтамасыз етсін; 2) оқуға үміткерлерді зерделеуді және іріктеуді «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына қатаң сәйкестікте жүзеге асырсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|