АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЬІҚ ТУРАЛЫ ХАТТАМА
ҚР 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 492-V Заңымен ратификацияланды (мәлімдемелермен және ескертпемен) 2017 жылғы 1 сәуірде күшіне енді
КІРІСПЕ
Осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттер, Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқыққа қатысты жалпы шарттарды белгілеуге ниет білдіре отырып, 1956 жылғы 24 қазандағы Балаларға қатысты алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясын және 1973 жылғы 2 қазандағы алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясын жетілдіруге ниет білдіре отырып, 2007 жылғы 23 қарашадағы балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы Гаага конвенциясын толықтыруы мүмкін қолданылатын құқық туралы жалпы қағидаларды құруға ниет білдіре отырып, Осы мақсатта Хаттама жасасуды қажет деп шешті және мынадай ережелер туралы уағдаласты -
Қолданылу аясы
1. Осы Хаттама ата-ананың некелік жағдайына қарамастан, балаға қатысты алименттік міндеттемені қоса алғанда, отбасылық қатынастардан, шығу тегінен, некеден немесе туыстықтан туындайтын алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқықты айқындайды. 2. Осы Хаттаманы қолдану кезінде шығарылған шешімдер 1-тармақта аталған қатынастардың кез келгенінің болуына нұқсан келтірмеуге тиіс.
Әмбебап қолдану
Осы Хаттама, егер қолданылатын құқық оған қатыспайтын мемлекеттің құқығы болып табылса да, қолданылады.
Қолданылатын құқық туралы жалпы қағидалар
1. Алименттік міндеттемелер, осы Хаттамада өзгеше көзделген жағдайды қоспағанда, кредитордың әдеттегі тұрғылықты жері мемлекетінің құқығымен реттеледі. 2. Кредитордың әдеттегі тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, жаңа тұрғылықты жер мемлекетінің заңы тұрғылықты жері өзгерген кезден бастап қолданылады.
Белгілі бір кредиторлардың пайдасына арналған арнайы қағидалар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|