«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 тамыздағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға); 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) жоғары білімін растайтын мынадай құжаттардың бірі: құжаттың (дипломның) нотариалды куәландырылған көшірмесі; «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алынған ұсынылған электрондық құжат; шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тану рәсімінен өткенін растайтын құжат; 4) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 5) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 6) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|