«Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 10467 болып тіркелген, № 83 (28561) 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында: 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «53. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін, қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда: Ап - жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі; Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі; S - жалға алынатын алаң, шаршы метр; Кт - құрылыс үлгісі ескерілетін коэффициент; Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент; Кск - қолайлылық дәрежесін ескерілетін коэффициент; Кр - аумақтық орналасуын ескерілетін коэффициент; Квд - жалдаушының қызмет түрі ескерілетін коэффициент; Копф - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|