Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген
Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Нормалары ведомствоішілік қызметті реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер. 2. Заттай нормаларды, материалдық құндылықтармен жабдықтау және тұтыну нормаларын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер. 3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт. 4. Бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|