«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, дәрігер-резиденттерге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына тағайындалады және төленеді.»; 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Мемлекеттік стипендия докторанттарға, дәрігер-резиденттерге және дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына бүкіл оқу мерзіміне тағайындалады және аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан бүкіл оқу кезеңінде төленеді. 12. Медициналық қорытындының (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, дәрігер-резиденттер, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді. Академиялық демалыстан оралған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, дәрігер-резиденттерге, докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу оқу жоспарларындағы академиялық айырма жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|