Осы редакция 2016 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына 2-қосымша
«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ТЕБ); 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық); 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) ТЕБ-те: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 6 сағат; қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут; бір қызмет алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут; 2) Орталыққа жүгінген кезде: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 2 сағат; электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут; Орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт - 20 минут; 3) порталға жүгінген кезде: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 2 сағат. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|