«Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: ««Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) екіжақты аукцион әдісі – сұраныс пен ұсыныстың сараланған графиктерін салыстыру арқылы бағаны айқындауға негізделген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу тетігі; 2) есеп айырысу ведомосы – орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторы жасайтын және қызмет көрсететін банкке орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жіберілетін құжат; 3) жұптардың санын азайту – жасалған «сатушы-сатып алушы» жұптарының санын барынша азайтуды қамтамасыз ететін тетік; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|