Салалық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 264-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Теміржол, су және автомобильдік көлік саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтікпен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1062 бұйрығына қосымша
1. Теміржол, су және автомобильдік көлік саласындағы әлеуметтік серіктестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия (бұдан әрі - Салалық комиссия) тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жолымен әлеуметтік серіктестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ету бойынша тұрақты әрекет ететін орган болып табылады. 2. Салалық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Негізгі мақсаттары және компетенциясы
3. Салалық комиссияның негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік серіктестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады. 4. Салалық комиссияның негізгі функциялары: 1) тиісті саланың әлеуметтік серіктестік тараптарымен бас келісімді, республикалық комиссияның шешімдерін орындауын қамтамасыз ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|