«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 2 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 27-бабының бірінші бөлігіндегі корпоративтік даулардың анықтамасы субъектілік және нысаналы өлшемшарттар арқылы ашылған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысуымен корпоративтік даулардың субъектілері: заңды тұлға ретінде серіктестік, оның органы атынан шешім қабылдағанда; серіктестіктің лауазымды адамдары - алқалы немесе жеке-дара атқарушы органның мүшелері, байқау кеңесінің мүшелері (Заңның 41-бабының 2-тармағы, АПК-нің 27-бабы бірінші бөлігінің 3), 5) және 10) тармақшалары); серіктестікке қатысушылар (құрылтайшылар), оның ішінде бұрынғы қатысушылар; серіктестікке қатысушылардың қатарына Заңда белгіленген тәртіппен (Заңның 22-бабы және 28-бабының 2-тармағы) үлесті сатып алу нәтижесінде қосылған адамдар болып табылады. АПК-нің 27-бабы бірінші бөлігінің 1)-ден бастап 10)-ны қоса алғандағы тармақшаларында көрсетілген корпоративтік дауларға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдері толық болып табылмайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде құқықтарды қорғаудың өзге де тәсілдері көзделуі мүмкін. АПК-нің 27-бабының бірінші бөлігіне сәйкес корпоративтік даулар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жатқызылған және талап қою іс жүргізуі тәртібімен қаралуы тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|