Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы (2025.09.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша: «талап қою арызын», «талап қою арызы», «талап қою арызымен», «талабын қанағаттандыру» деген сөздер тиісінше «талап қоюды», «талап қою», «талап қоюмен», «қойған талабын қанағаттандыру» деген сөздермен ауыстырылды, «нотариат куәландырған», «нотариатта куәландырылған» деген сөздер алып тасталды (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Соттардың алименттерді өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді. ҚР Жоғарғы Сотының 2021.30.09. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Алименттерді өндіріп алуға байланысты дауларды қарау кезінде соттар Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі - Конституция), «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (бұдан әрі - АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - ӘРПК) мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|