|
Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф электрондық жүйе арқылы төлеу кезінде мынадай мөлшерлерде белгіленсін: 1) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға - 90 (тоқсан) теңге; 2) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға - 180 (бір жүз сексен) теңге; 3) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға - 90 (тоқсан) теңге; 4) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қала маңындағы қатынаста - бір километр үшін 8 (сегіз) теңге; 5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде - 180 (бір жүз сексен) теңге; 6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде - 250 (екі жүз елу) теңге; 7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде - 180 (бір жүз сексен) теңге; 8) қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - бір километр үшін 11 (он бір) теңге 50 тиын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|