1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Астана қ., 2016 жылғы 4 қазанда)
ҚР 2017 жылғы 13 маусымдағы № 71-VI Заңыменратификацияланды 2017 жылғы 22 қыркүйекте күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің 11-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 9-1-баптың бірінші абзацындағы «кедендік ресімдеу, кедендік және шекаралық бақылау» деген сөздер «шекаралық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 9-3, 9-4 және 9-5-баптармен толықтырылсын:
«9-3-бап
Ресей теміржолдарының құрамына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкі Ресей Федерациясының меншігі болып табылатын учаскелердегі станцияларды ашу және жабу, сондай-ақ Ресей Федерациясына тиесілі және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан теміржол көлігі инфрақұрылымына ортақ пайдаланылмайтын теміржол жолдарының жалғасуы Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|