Осы редакция 2022 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығымен; 2016.02.02. № 187 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тәртіптік жарғысы жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (2021.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Жарғы әскери тәртіп ұғымы мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін айқындайды. Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады. Әскери қызметшілер өздерінің әскери атақтарына, қызметтік жағдайына және сіңірген еңбегіне қарамастан, осы Жарғының талаптарын қатаң басшылыққа алуға тиіс.
1. Әскери тәртіп - әскери қызметшілердің заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарымен (өкімдерімен) белгіленген қағидаларды қатаң және нақты сақтауы. 2. Әскери тәртіп әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі болып табылады. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өз әскери борышын және өз Отаны - Қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін сезінуіне, өз халқына шексіз адалдығына негізделеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|