«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: «Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Арал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 73,5 гектар жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан; «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 2226,5 гектар жер учаскесі су қоры жерлері санатынан алынсын. 2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 2300,0 гектар жер учаскесі Қызылорда облысы Арал ауданының аумағында тұрақты жер пайдалануға берілсін. 3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мекеменің жалпы ауданы 2300,0 гектар жер учаскесі орман қоры жерлері және су қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік табиғи қорықтардың ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|