Алға ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 16) тармақшасына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алға ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. «Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен: 1) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 25 наурыздағы № 69 Қаулысымен бекітілген
Алға ауданында Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алға ауданында Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|