ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
(Алтыншы сайланымның үшінші сессиясы)
Стенограмма
2018 жылғы 18 сәуір
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Құрметті депутаттар, баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Тіркеу режимі қосылсын. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Құрметті әріптестер, Мәжіліс Бюросының ұсынысымен бүгінгі жалпы отырысымыз сағат 09.00-де басталып отыр. Осыған байланысты және Регламентке сәйкес біз бұл мәселені заңдастыруымыз керек. Дауысқа қоюдың қажеті бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда келістік. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Құрметті депутаттар, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы депутат Әбдіров Нұрлан Мәжитұлына беріледі.
ӘБДІРОВ Н.М. Рақмет. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! Парламент Мәжілісіне «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы келіп түсті. Бұл шарт екі ел арасында 2017 жылғы 15 маусымда Ханойда жасалды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|