«Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16906 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдері нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны; 2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жосықсыз бағалаушылар тізілімінің нысаны; 3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сарапшылық кеңесі мүшелері тізілімінің нысаны; 4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңесі мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылар тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген сарапшылық кеңес мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|