|
|
|
Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»: 1) қала маңындағы жолаушылар поездарының (электр поездарының) қозғалысын қайта бастауды; 2) жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмауды қамтмасыз етсін. 2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар: 1) қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарын қайта бастауды; 2) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды; 3) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды; 4) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуы сақталған, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысының (бұдан әрі - ҚР БМСД № 57 қаулысы) талаптары сақталған жағдайда жол беріледі; 5) фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды; 6) қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне тыйым салуды; 7) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды; 8) спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салуды; 9) мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, музейлердің қызметіне рұқсат беруді; 10) белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шаралар өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне рұқсат беруді; 11) 30%-дан асырмай толтыруды және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтаған, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметіне рұқсат беруді; 12) 30%-дан асырмай толтыруды және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтаған, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының қызметіне рұқсат беруді; 13) бір келушіге кемінде 4 ш. м. қамтамасыз еткен, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне рұқсат беруді; 14) топты 15 адамнан асырмай жинақтаған, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат беруді; 15) топты 15 адамнан асырмай жинақтаған, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне рұқсат беруді; 16) ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда ашық ауада аттракциондар қызметіне рұқсат беруді; 17) алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50% - дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш. м. қамтамасыз етіп, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беруді; 18) толықтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш. м. қамтамасыз етіп, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда моншалардың, сауналардың қызметіне рұқсат беруді; 19) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай) рұқсат беруді; 20) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді; 21) ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сәтте автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орындар саны бойынша толықтырылуы) рұқсат беруді; 22) жеке автокөліктің өңірлер арасында жүруіне рұқсат беруді; 23) ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда); 24) аймақтарға бөлу талаптары және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда медициналық орталықтардың қызметіне (жазылу бойынша) рұқсат беруді; 25) туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қызметіне толықтыруды 80%-дан асырмай, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат беруді; 26) ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда дәріханалардың қызметіне рұқсат беруді; 27) ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат беруді; 28) үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат беруді; 29) халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар) қызметіне ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат беруді; 30) ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыруды; 31) ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыруды; 32) ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы ұйымдастыруды; 33) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға рұқсат беруді; 34) қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді; 35) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді; 36) сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін болатын, контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептердің; сыныптардың жинақталуы 15 баладан аспаған кезде, ата-аналарының өтініші бойынша мектепалды, 1-4-сыныптардың білім алушыларына арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат беруді; 37) бір адамға су айнасының 5 ш. м. есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметіне рұқсат беруді; 38) 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат беруді; 39) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға рұқсат беруді; 40) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде); 41) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді; 42) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беруді; 43) маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлар қызметіне рұқсат беруді; 44) театрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан артық емес, infokazakhstan.kz порталда тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау және ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтау); 45) ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ҚР МГСБ №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сауда-ойын-сауық орталықтарында (жекелеген үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат беруді; 46) көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырып, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын және сәйкес тиісті аумақтардың бас санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат беруді; 47) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді; 48) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері мынадай шектеу шараларын енгізуді: - азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, 2000 және одан да көп ш.м. көлемімен сауда объектілерінің, жұмысын тоқтата тұруды; - азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұруды; 49) өңірлерде сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда аптасына 25 жағдайдан аз және R бірліктен артық не сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 50 жағдайдан аз және R бірліктен төмен деңгейге жеткен жағдайда, соңғы 7 тәулікте сырқаттанушылықтың өсуі болмаған кезде: - ағымдағы жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері толтырылуын 30%-дан асырмай және бір келушіге 4 ш.м. сақтай отырып, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің қызметіне рұқсат беруді; - ағымдағы жылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қызметіне (толтырылуы 30%-дан аспайды, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау және ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтау) рұқсат беруді қамтамасыз етсін. 4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері: 1) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды. Бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдануды; 2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, осы қаулының 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етсін. 5. Тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы. 6. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 8. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 58 қаулысына 1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 58 қаулысына 2-қосымша
2020 жылғы «_____» _________ объектінің дайындығын бағалау акті
Біз, мониторинг тобы құрамында: 1. _________________________________________________________________________ 2. _________________________________________________________________________ 3. _________________________________________________________________________ 4. _________________________________________________________________________ 5. _________________________________________________________________________ ((мамандардың Т. А. Ә. және лауазымын көрсету) бағалау объектінің дайындығы ___________________________ аумағында карантин кезеңінде қызметті жүзеге асыруға ______________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________, 2020 жылғы»___"__________2020 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының сондай-ақ ________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. Объект карантин кезеңінде қызметті қайта бастауға дайын (дайын емес) (қажеттісінің астын сызу) анықталды: Анықталған бұзушылықтар ________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Қол қою: 1.________________ 2.________________ 3.________________ 4.________________
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде сайтта орналастырылған COVID-19 бойынша карантинді енгізу кезеңінде объектінің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен infokazakhstan.kz таныстым және орындауға міндеттенемін___________________ (басшының Т. А. Ә. және қолы)
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 58 қаулысына 3-қосымша
Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу алгоритмі
Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мынадай шаралардың сақталуын қамтамасыз ету қажет: 1. Үй-жайларда ауаны желдету/ауа баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі. 2. Ғимаратқа кіреберісте барлық кіретін адамдарға байланыссыз термометрия жүргізу, холлдарда антисептикалық құралы бар санитайзерлер орнату және кеңестерге (отырыстарға) қатысушылардың қолды антисептикалық құралдармен өңдеуін бақылау. 3. Кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларды залда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу. 4. Көзбе-көз кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) кеңеске (отырысқа) дейін кемінде 3 тәулік бұрын алынған КВИ-ға ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесінің болуы; 2) отырыс (кеңес) өткізілетін үй-жайда болған барлық кезең ішінде респираторлық үлгідегі медициналық масканы пайдалану; 3) әлеуметтік қашықтықты сақтау; 4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да нысандарын болдырмау. 6. Сөз сөйлеу ұзақтығы 30 минуттан артық болғанда және қатысушылардың бірінші қатарынан кемінде 3 метр қашықтықта болғанда спикерлерге қорғау құралдарын пайдаланбай сөйлеуге жол беріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |