Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/399 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2018.13.04. № 2/148 Қаулысымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 3/500 қаулысымен бекітілді
«Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (2018.13.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Алматы қаласының барлық үлгiдегi және түрдегi мектепке дейiнгi ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: мектепке дейiнгi ұйым мен баланың ата-анасының бiрi немесе заңды өкiлi арасында жасалған шарт негiзiнде баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдау немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|