| ||||||||||||||||||||
|
|
|
«Павлодар индустриалды институтын қазақ мемлекеттік техникалық
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ғылымды және халыққа білім берудi дамыту мәселелерi жөніндегі, Өнеркәсiптi, көлiктi және байланысты дамыту мәселелерi жөніндегі комитеттерiнiң 1992 жылғы шiлдеден бастап Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігіне бөлiнген бюджет қаражаты шеңберiнде Павлодар индустриалды институтын Қазақ мемлекеттік техникалық университетi етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетiмен және Қаржы министрлігімен келісілген ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі осы университеттiң құрылымын, республиканың инженер кадрлары жөніндегі қажетiн қанағаттандырарлықтай мамандықтар мен мамандандыру тiзбесiн анықтасын. 3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі, Бiлiм министрлігі Қазақ мемлекеттік техникалық университетiнде өзiнiң полиграфиялық базасы болуы және оған баспа қызметiмен шұғылдану хұқын беру мәселесiн шешетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |