|
|
|
Мемлекеттік материалдық резервтердi құру жөніндегі есептеулер Мемлекеттік резервтегi материалдар мен тауарларды жөнелту (салу) және жiберу барысындағы есептеу-төлем операцияларының күрделiлiгiн ескере келiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік комитеттiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Ұлттық мемлекеттік банкiмен келісілген, мемлекеттік және жұмылдырушылық резервтерiнiң материалдық игiлiктерiн несиелер ашпай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландыру туралы ұсынысы қабылдансын. Республиканың Қаржы министрлігі республиканың Ұлттық мемлекеттік банкiмен және Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетпен бiрлесiп мемлекеттік резервтегi материалдар мен тауарларды есептеудiң тәртібін айқындасын және мемлекеттік резервтегi материалдар мен тауарлар үшiн есептеу тәртібі туралы тиiстi нұсқауды бекiтсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |