Каспий теңiзi жағалауының су басу мен су жайылу қаупi төнген Каспий теңiзi жағалауының су басу мен су жайылу қаупi төнген аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiнен қорғау төтенше маңызды проблема деп танылсын. Оның су басу мен су жайылу аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Каспий теңiзіндегі трансагрессия кезеңiнде Қазақстан Республикасының ең басты әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiнiң бiрi деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісілген Атырау және Маңғыстау облыстық әкiмшiлiктерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджет қаржыларының, сондай-ақ тиiстi бiрлестiктер, кәсiпорындар және ұйымдар қаржыларының есебiнен жылдық ниет бiлдiруi негiзiнде Каспий өңiрiнiң тұрақты шаруашылық қызметiн және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі практикалық шараларға қаржы туралы ұсынысы қабылдансын. ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі белгiленген тәртiппен Министрлiкке республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруға бөлiнген қаржы шегiнде, Каспий теңiзiнiң проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруды қарастырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|