|
|
|
Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясы туралы
Экономикалық реформа жүргiзу кезеңiндегi Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясының мақсаттары мен мiндеттерiнiң әлеуметтiк бағытын ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясын құру мен оның қызметiнiң негiзгi бағыттары мақұлдансын. Аталған корпорацияның қызметi өзiн-өзi қаржыландыру және өзiн-өзi өтеу принципiнде мемлекеттiң қаржы қаражатын тартусыз жүзеге асырылады. 2. Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясының құрамында «ТАИМ-Банк» акционерлік банкінің негiзiнде белгiленген тәртiппен құрылған Қазақстанның әлеуметтiк даму Халықаралық қоры мен Халықаралық «ҚазТАИМ-Банк» қазақстандық банкінің жұмыс iстейтiнi еске алынсын. 3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi әлеуметтiк, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық корпорациясына жәрдем және практикалық көмек көрсетсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |