|
|
|
Алматы қаласында орта класты автобустар шығаратын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақ мемлекеттік «Қазавтокөлiк» автокөлiк концернi мен Ресей Федерациясындағы Павловск автобус зауытының Алматы қаласында № 2 Алматы автожөндеу бiрлестiгi негiзiнде жылдық бағдарламасы ПАЗ 3205 модельдi орта класты 1000 автобус шығаратын бiрлескен кәсiпорын құру туралы инициативасы мақұлдансын. 2. "Қазавтокөлiктехника" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiне автомобиль жасауға қатысты ғылыми, тәжiрибелiк-конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзу жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, Қазақ мемлекеттік "Қазавтокөлiк" автокөлiк концернi осы аталған жұмыстарды жүргiзу үшiн "Қазавтокөлiктехника" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiне қаржы бөлудi көздесiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қаржы министрлігі мен республикалық "Қазконтракт" контрактылық корпорациясы 1993 жылы Қазақ мемлекеттік "Қазавтокөлiк" автокөлiк концернiне автомобиль жасауды дамыту үшiн қажеттi ақша қаражаты мен материалдық ресурстар бөлудi көздейтiн болсын. 4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қарағанды қаласында орта класты автобустар шығаратын бiрлескен кәсiпорын құру туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы № 884 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |