| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Латыш, Эстон және Литва Республикалары азаматтарының Қазақстан Латыш, Эстон және Литва Республикаларының осы елдердiң аумағына Қазақстан Республикасы азаматтарының келуiне визалық режим көзделетiн шараларды қолдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Азаматтардың өзара сапарлары туралы екiжақты келісімдер жасалғанға дейiн Латыш, Эстон және Литва Республикалары азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуiнiң визалық (рұқсат ету) тәртібі енгiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының шекарасында халықаралық жолаушылар қатынасы үшiн ашылған пункттерде Латыш, Эстон және Литва Республикаларының азаматтары жөнiнде паспорт-визалық бақылауды жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Латыш, Эстон және Литва Республикалары азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк азаматтардың болуы ережелерiн сақтауын бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Латыш, Эстон және Литва Республикаларының аумағында тұрақты тұратын және осы мемлекеттердiң азаматтығын алмаған бұрынғы КСРО азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуiнiң визасыз тәртібі 1994 жылдың 1 наурызына дейiн сақталсын. 5. Латыш, Эстон және Литва Республикалары азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуiнiң визалық (рұқсат ету) тәртібі осы қаулы қабылданған күннен бастап отызыншы күнi енгiзiледi деп белгiленсiн. 6. Сыртқы iстер министрлігі Латыш, Эстон және Литва жағына осы елдердiң азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында болуының белгiленген тәртібін жеткiзетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |