| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Заңының 37-бабын негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Алматы қаласының Төле би - К. Маркс - Гоголь - Зенков көшелерiнiң шектескен аумағында орналасқан тарихи-сәулет ансамбль Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығы болып жариялансын. Аталған қорық құрамына 28 Гвардияшы-панфиловшы батырлар атындағы гүлзар, Даңқ мемориалы, Кафедралық собор (Қазақстан халықтарының қолданбалы өнер мұражайы), Офицерлердiң әскери жиналыс үйi (Ықылас атындағы халық саз аспаптары қоражайы, Зенков көшесi, 24), Генерал-губернатор үйi (Алматы әскери госпиталi, Қазыбек би көшесi, 22), Ерлер гимназиясының ғимараты (Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, Қазыбек би көшесi, 28), Верный гимназиясы пансионының ғимараты (Республикалық балалар кiтапханасы, Ленин даңғылы, 15), Қыздар гимназиясының ғимараты (Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнiң оқу үйi, Төле би көшесi, 31), Ерлер гимназиясы директорының үйi, кейiннен мемлекет қайраткерi, академик С. Аспендияров тұрған үй (Түрiк Республикасының елшiлiгi, Төле би көшесi, 29), Верный қалалық төрт кластық бастауыш училищесiнiң ғимараты (Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Гоголь көшесi, 37), кезiнде Қазақстандағы Әмiре Қашаубаев атындағы музыкалық мектеп орналасқан Пушкин қыздар училищесi (қалалық санэпидемстанциясы, Гоголь көшесi, 45) енгiзiлсiн. 2. Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығы аумағында жаңа құрылыс жүргiзуге тыйым салынсын. Қорық аумағында орналасқан ескерткiш болып саналатын барлық ғимараттарды жөндеу, жаңарту, пайдалану Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң келісімiмен жүргiзiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі екi ай мерзiм iшiнде Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығы туралы Ереже әзiрлеп бекiтетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |