|
|
|
«Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорынының қызметiнен түсетiн қаражатты бөлу және пайдалану тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорынының қызметi туралы» 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 1168 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорынын құру жөніндегі келісімдер мен шарттарды бекіту туралы» 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 260 қаулысына қосымша ретiнде «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорынының қызметiнен түсетiн қаражатты бөлудiң және пайдаланудың мынадай тәртібі белгiленсiн: 1993 жылғы 2 сәуірдегі «Жоба жөніндегі келісімнiң» 2-бабына сәйкес «Шеврон» корпорациясы төлейтiн төлемдер, сондай-ақ «Жоба жөніндегі келісімнiң» 7-бабына сәйкес төленетiн роялтидiң барлық түрi республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Қаржы министрлігінiң валюта шотына аударылып, кейiннен теңгеге шағылады; «Жоба жөніндегі келісімнiң» 6 (В) бабына сәйкес 30 проценттiк ставка бойынша «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорыны төлейтiн оның пайдасына салынатын салық тиiстi жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын мөлшерде республикалық және Атырау облыстық бюджеттерiне еркiн айналыстағы валютамен түскенде олардың валюта шоттарына аударылып, кейiннен мiндеттi түрде теңгеге шағылады, ал теңгемен түссе - республикалық бюджетке және Атырау облысының жергiлiктi бюджеттерiне аударылады; «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорыны төлейтiн қосымша құнға салынатын салық теңгемен жағдайда республикалық бюджеттiң кiрiсiне және Атырау облысының жергiлiктi бюджеттерiне, ал еркiн айналыстағы валютамен төленген жағдайда - тиiстi жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы айқындайтын проценттiк мөлшерде кейiннен мiндеттi түрде теңгеге шағылып, республикалық және облыстық бюджеттердiң валюта шоттарына аударылады; «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорыны төлейтiн басқа да салықтар мен төлемдер теңгемен төленген жағдайда республикалық бюджеттiң кiрiсiне және Атырау облысының жергiлiктi бюджеттерiне, ал еркiн айналыстағы валютамен төленген жағдайда - кейiннен мiндеттi түрде теңгеге шағылып, республикалық және Атырау облысы бюджеттерiнiң валюта шоттарына аударылады. Есептеу «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын ставкалар бойынша жүргiзiледi. 2. Республикалық бюджетке түсiп, есеп шотқа аударылған қаражат Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi айқындайтын бағыттар бойынша пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |