| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының атом энергетикасын дамытып, ядролық сынақтардың зардабын жою және тиiстi аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық оңалту жөніндегі жұмысын ұлғайту мақсатында, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тау-кен жұмыстары мен басқа да шаруашылық қызметiн қауiпсiз жүргiзудiң қосымша шараларын қолдану үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру, оларды ұқсату және сату үшiн бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны шеңберiнде жер қойнауын геологиялық зерттеудiң және жер қойнауын (пайдалануға объектiлерден басқасын) пайдаланудың бiрiншi кезектегi құқықтары Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., № 9, 248-бап) көзделген тәртiппен Орталық қызметiнiң бүкiл мерзiмiне берiлетiн болсын. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына жеке адамдардың, жеке компаниялардың, оның iшiнде шет ел компанияларының қаражаты мен олардың материалдық құндылықтары енгiзiлетiн жарғылық әрi инвестициялық қорлары бар акционерлік және басқа компанияларды белгiленген тәртiппен құруына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі бекiткен жұмыс бағдарламасына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте тиiстi жылға арналып көзделген, минералды шикiзат ресурстарын молайту және жер қойнауын қорғау қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |