| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Республикалық "Украінскі новини" газетін шығару туралы Қазақстан Украин тілі мен мәдениетiн өркендету мен түлету процесiн қолдау, украин диаспорасының рухани талап-тiлектерiн қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Украiнскi новини" газетiнiң құрылтайшысы мiндетiн алсын. 2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі белгiленген тәртiп бойынша "Украiнскi новини" газетiн тiркеп, редакцияның құрылымы мен штатын, газет шығаруға, қажеттi қағаз қоры мен полиграфиялық қуаттарды белгiлесiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Байланыс министрлігі, Республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясына "Украiнскi новини" газетiн қаржыландыру, ұйымдық техника, автотранспорт бөлу, материалдық-техникалық қамсыздандыру, байланыс құралдарын орнату мiндеттелсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне "Украiнскi новини" газетiнiң редакциясына қажеттi мекен-жай бөлу жүктелсiн. 5. Гаркавец Александр Николаевич "Украiнскi новини" газетiнiң бас редакторы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |