|
|
|
Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғыртудың кейбір мәселелерi туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Республикалық және халықаралық маңызы бар орта ғасырлық сәулет өнерiнiң ескерткiшi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн сақтау жөніндегі Түрiк Республикасының игiлiктi қызметiн ескерiп әрi ескерткiштердi жаңғырту және бiр қалыпта ұстау жөніндегі Түрiк мемлекеттік «Вакиф Иншаат» компаниясы жүзеге асырып жатқан жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. «Вакиф Иншаат» компаниясы Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғырту үшiн Түркиядан құрылыс материалдарын, техника, көлiк, жабдықтар мен механизмдер әкелiп, жаңғырту жұмысы аяқталған соң оларды керi жөнелту кезiнде кеден тарифi мен баж салығынан босатылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Еңбек министрлігі, Көлiк министрлігі, Мәдениет министрлігі, Қазақ азаматтық авиация басқармасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Түркiстан қаласының әкiмдерi «Вакиф Иншаат» компаниясына Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғыртуда, материалдық-техникалық шикiзаттарды сатып алып, Түркiстан қаласына жеткiзуде көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |