| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөніндегі республикалық Гидрометеорология және табиғи орта ластануының жай-күйi саласындағы бақылау, экспедициялық жұмыстар, ғылыми-зерттеулер құжаттарын жинаудың, есепке алудың, сақтаудың, пайдаланудың қажеттiлiгi мен маңыздылығын ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөніндегі бас басқарманың бұрынғы КСРО Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Гидрометеорология жөніндегі мемлекеттік қорының Қазақ бөлiмiн Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөніндегі республикалық қор етiп қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөніндегі қордың жұмыстарын ұйымдастыратын болсын. 3. Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы саласында жұмыс жүргiзетiн Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттік комитеттерiне, басқа да шаруашылық субъектiлерiне меншiк нысандарына қарамастан: Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма белгiлеген ережелердi сақтай отырып, Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөніндегі республикалық қорға бақылау, ғылыми-зерттеу, экспедициялық жұмыстардың, оның iшiнде Каспий мен Арал теңiздерiнiң ашық бөлiктеріндегі жұмыстардың құжаттарын дер кезiнде сақтауға беретiн болсын; Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасында су шаруашылығы органдарының уақытша және пайдаланушы постарынан басқа олардың қарауындағы гидрометеорологиялық станцияларды тiркеп, осы басқарманың әдiстемелiк нұсқауларына сәйкес гидрометеорология және табиғи ортаның ластануын бақылау саласындағы жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары онымен келiсетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |