|
|
|
«Көмiр» мемлекеттік холдинг компаниясын тарату туралы Қазақстан
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
"Көмiр" өнеркәсiбiн басқару жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 28 маусымдағы № 1773 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі «Көмiр» мемлекеттік холдинг компаниясы өкiлдерiнiң қатысуымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң келiсуi бойынша тарату комиссиясын құрсын. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі таратылатын «Көмiр» компаниясының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып табылады деп анықталсын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi "Көмiр" мемлекеттік холдинг компаниясының құрамына енген көмiр өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттардың, мемлекеттік кәсiпорындары мен ұйымдарының бағыныстылығы туралы мәселенi шешетiн болсын. 3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Көмiр" мемлекеттік холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қазандағы № 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., № 41, 478-бап); "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 сәуірдегі № 433 қаулысының 2-тармағы. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |