|
|
|
Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының экономикасын дағдарыс Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының кәсiпорындары мен экономикасын дағдарыс жағдайынан шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігімен және "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлік компаниясымен бiрлесiп, Шалқия кен басқармасын "Ақсұңқар" Мемлекеттік холдинг компаниясының құрамына қосу туралы мәселенi қарасын. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігімен бiрлесiп, "Сарыарқаполиметалл" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң кенiн "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының кен байыту қуаттарында ұқсату үшiн тасымалдауға жеңiлдiктi темір жол тарифтерiн белгiлеу мәселесiн қарасын. 3. "Жолсерiк" Мемлекеттік холдинг компаниясы белгiленген тәртiппен "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының балансына кәсiпорынның кен байыту фабрикаларында үздiксiз технологиялық процестердi қамтамасыз ететiн темір жол кiрме жолдарын, ғимараттар мен жылжымалы составты, сондай-ақ тар табанды темір жол желiсiн берсiн. 4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі алтын шығатын Күмiстi кен орнын өнеркәсiптiк игеруге 1994-1995 жылдары "Алтыналмас" Ұлттық акционерлік компаниясының қаражаты есебiнен "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамына қаржылай жәрдем көрсетсiн. 5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі 1995 жылы Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерістер қоры есебiнен қаржыландырылатын құрылыстар мен объектiлердiң тiзбесiне "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамның Күшата қалдық сақтау қоймасы құрылысын енгiзсiн. 6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі "Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерістер қоры қаржысын 1994 жылы пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысымен көзделгендей мөлшерде 1994 жылдың екiншi жартысында Шалқия кен басқармасының құрылысын басымдықпен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 7. ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.04. № 1488 қаулысымен. 8. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Экология және биоресурстар министрлігімен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Мырғалымсай кен орнында суды ағызу режимiнiң өзгеруi салдарынан қалыптасып отырған экологиялық жағдайды ескерiп, Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан ауданында су ресурстарын пайдалану жөнiнде бiр айлық мерзiмде ұсыныс енгiзсiн. 9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі, "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлік компаниясы барлық мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың қатысуымен Мырғалымсай кен орны кенiштерiн тоқтатудың және Мырғалымсай кен орны кенiштерiн толық немесе iшiнара су алу кезiнде болуы ықтимал экологиялық және кен-геологиялық зардаптарды бағамдап, "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының Байжансай кенiшiн жою жобаларын әзiрлесiн. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі осы жобаларды белгiленген тәртiппен қарасын және олар жөнiнде тиiстi тұжырым жасасын. 10. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігімен бiрлесiп, "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының аталған кенiштерiн тоқтату және жою салдарынан босайтын біліктi мамандарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес олар үшiн өзара тиiмдi шарттармен республиканың басқа кен қазу кәсiпорындарында және одан тыс жерлерде пайдалану және әлеуметтiк қорғау туралы мәселенi шешсiн; бұрынғы тұрғылықты орнында қалуға тiлек бiлдiрген мамандарды жаңа кәсiптерге қайта оқыту мен қайта даярлауға жәрдем көрсетсiн. 11. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Түркiстан қаласындағы мақтадан жiп иiру объектiлерiнiң құрылысы орнына "Южшахтострой" тресiнiң салынып бiтпеген өндiрiстiк корпустарында және Кентау қаласындағы трансформаторлар зауытында осындай өндiрiс қуаттарын 1995 жылы iске қосуды ұйымдастыруды көздеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысын өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 12. Шахтадан су айдау кешенiн қаржыландыру жөнiнде шаруашылық операцияларын жүргiзу үшiн, оны қаржыландыру көзiнiң мәселесi шешiлгенге дейiн "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамына арнайы жеке есепшот ашуға және осы қаулының 7-9 тармақтарын жүзеге асыруға рұқсат етiлсiн. 13. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған кешендi пайдалану жөніндегі шығындарды өтеу көздерiн айқындасын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |