|
|
|
"Қуатамлонмұнай" бiрлескен кәсiпорны туралы Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Торғай ойпатындағы көмiрсутегi шикiзатын өндiру жұмыстарын тездету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Қуат" холдинг компаниясы мен "Амлон Трейдинг Лимитед" ағылшын фирмасының қатысуымен және Республиканың Қоныс, Бектас кен орындарының көмiрсутектерiн жете барлау, игеру, өндiру, тасымалдау, экспортқа шығару және сату жөнiнде "Қуатамлонмұнай" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы келісім мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі бөлiнген кен орындарына бұрын берiлген актiлерге сәйкес келісімнiң күшi бар мерзiмге Оңтүстiк Торғай ойпатындағы Қоныс және Бектас кен орындарындағы көмiрсутегi шикiзатын жете барлау мен өндiру үшiн "Қуатамлонмұнай" бiрлескен кәсiпорнына лицензия берсiн. 3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Қызылорда облысының әкімі белгiленген тәртiппен жасалған келісім шеңберiнде "Қуатамлонмұнай" бiрлескен кәсiпорындары қызметiнiң ұйымдастыру мәселелерiн шешуге көмек көрсетсiн. 4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі "Қуатамлонмұнай" бiрлескен кәсiпорнының жұмыстарын орындау барысында Қазақстан Республикасының мүддесiн сақтау үшiн бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |