| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Орал-Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын қазақ Балық шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы мен "Балық" мемлекеттік акционерлік компаниясының Орал-Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының қарамағына беру және оны Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Атырау бөлiмшесi етiп қайта құру жөніндегі Атырау облысының әкімімен келісілген ұсынысы қабылдансын. Ғылыми-зерттеу институтын қайта құру Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясына ғылыми-зерттеу жұмыстары үшiн бөлiнген бюджеттік қаржылар мен басқа да лимиттер шегiнде жүргiзiлсiн. 2. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы бiр айлық мерзiм iшiнде берiлген ғылыми мекеменiң ғылыми қызметiнiң негiзгi бағыттары мен ұйымдық құрылымын белгiлейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |