|
|
|
Су тоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтажы үшiн пайдалану тәртібі туралы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасының Су Кодексiн күшiне енгізу туралы» 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 желтоқсандағы № 1483 қаулысымен бекітілген су тоғандары жеке пайдалануға беру тәртібі жөніндегі Нұсқаудың күшi су тоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтажы үшiн пайдалануға қолданылсын. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, меншiк нысанына қарамастан, барлық министрлiктер, ведомстволар мен заңды ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын су тоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтажы үшiн пайдалану Ережесін әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөніндегі комитетiмен, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келiскен соң бекiтетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |