|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 8 желтоқсандағы № 2674 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үкiмет байланыстары бөлiмшелерi мен әскерлерiн Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметiнiң басқаруына беруге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысының 1-қосымшасына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: "Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" атты 1-бөлiмде 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң: "Құқық қорғау органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар" деген 6-тармағындағы "19647650" саны "19408874" санымен, "2394190" саны "2155414" санымен алмастырылсын; "Басқа да шығыстар" атты 10-тармақтағы "2052460" саны "2291236" санымен алмастырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |