|
|
|
"Химфарм" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру туралы Қазақстан "Химфарм" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру, кәсiпорындарды басқарудың нарықтық нысандары мен әдiстерiн пайдалану, бюджет қаражатының шығын болуын жою, шетел инвестицияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету және жаңа медициналық препараттарды игеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Donnadale Limited" фирмасын басқару құқығына арналған тендер жеңiмпазын жариялау және оны Шымкент қаласындағы "Химфарм" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн басқаруға беру туралы кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесiн оңтайландыру мақсатындағы 1996 жылғы 27 ақпандағы конкурс комиссиясының хаттамасы бекітілсiн. "Химфарм" акционерлік қоғамының басқармасы осы қаулы қабылданған сәттен бастап "Donnadale Limited" фирмасының жазбаша келісімiнсiз өнiм сатуға шарт жасауды тоқтатсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне "Donnatale Limited" фирмасымен "Химфарм" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн басқару туралы шарт жасау тапсырылсын, онда мыналар: тараптардың мiндеттемесi мен кепiлдiгi (осы қаулыны қабылдағанға дейiн жасасылған мәмiлелердi реттеудi ескере отырып); "Donnatale Limited" фирмасының кәсiпорын қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi орындамаған жағдайда шартты бiртараптан бұзу мүмкiндiгi; кәсiпорын акцияларын бiрiншi кезекте сатып алуға ол жекешелендiрiлген жағдайда фирма басқармаларының құқығы; басқару туралы келісім шарттарының орындалуына пәрмендi бақылау жасауды қамтамасыз ету жүйесi; басқа да қажеттi шарттар көзделсiн. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасына аталған шартқа Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан қол қою өкiлеттiгi берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi "Химфарм" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн басқару туралы келісім шарттарының орындалуына бақылау жасау жөніндегі Қазақстан Республикасының өкiлi болып тағайындалсын және оған осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдар қызметiн үйлестiру жүктелсiн. 4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі он күн мерзiм iшiнде осы қаулыға қайшы келетiн үкiмет шешiмдерiнiң күшiн жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |