|
|
|
Қазақ акционерлік агроөнеркәсiп банкінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне берешектерiн мемлекеттік iшкi қарыздарға жатқызу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Елдегi селоны және агроөнеркәсiп кешенiн 1996-1997 жылдары мемлекеттік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2693 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазақ акционерлік агроөнеркәсiп банкінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне 1992-1994 жылдары бұрынғы "Астық" мемлекеттік акционерлік компаниясының кәсiпорындарына бөлiнген 329560,2 мың теңге негiзгi қарызы бойынша берешегiн "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 наурыздағы № 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2371 Заң күшi бар Жарлығымен белгiленген лимит шеңберiнде мемлекеттік iшкi қарызға жатқызу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен аталған қарызды қамтамасыз ету шарттары жөнiнде келісімдi ресiмдесiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |