|
|
|
"Целлюлоза-картон заводы" акционерлік қоғамында қайта ұйымдастыру "Целлюлоза-картон заводы" акционерлік қоғамының төлем жасау қабiлетiн қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiн ескерiп Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Целлюлоза-картон заводы" акционерлік қоғамына оның кредиторларының қатысуымен сыртқы басқаруды белгiлеу және санация жүргiзу жолымен оның төлем жасау қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп "Целлюлоза-картон заводы" акционерлік қоғамының қаржы және мүлiк жағдайына бағалау жүргiзсiн. 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Медетшi банкi "Целлюлоза-картон заводы" акционерлік қоғамының мүлкiн басқару функциясымен қоса, оның iшiнде 51 процент мөлшеріндегі акциялар пакетi берiлiп, сенiмдi басқарушы болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi "Целлюлоза-картон заводы" акционерлік қоғамын санациялау жөніндегі шараларды белгiленген тәртiппен жүргiзсiн. Қабылданған бизнес жоспарға сәйкес, оны кредиттеу лимитiн айқындасын. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес "Целлюлоза картон заводы" акционерлік қоғамының мемлекеттік пакетiн сату мақсатында инвесторлар тарту шараларын қолдансын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |