|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Селодағы реформаларды жүргiзудi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысына № 3 қосымшаның күшi ұзартылсын және оған мынадай түзетулер енгiзiлсiн: "Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарын (кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік шаруашылықтарды) мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру тәртібі" атты екiншi бөлiмнiң 1-тармағындағы бiрiншi абзацтың соңғы екi сөйлемi мынадай редакциямен берiлсiн: "Мүлiктiң сатып алынатын бөлiгiнде 10 жылдан аспайтын мерзiмде төлем жасау жөнiнде меншiк иесiнiң атына мiндеттеме ресiмдеу кезiнде (№ 2 қосымша) мүлiктiк пай иесiне меншiк құқығы туралы (№ 1 қосымша ) куәлiк берiледi"; "Жекешелендiруге тиiстi мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн бағалау тәртібі туралы" III-бөлiмнiң 4-кiшi бөлiмiнiң төртiншi абзацы мынадай жаңа редакциямен берiлсiн: "Жекешелендiрiлетiн АӨК-нiң кәсiпорындары мен ұйымдары мүлкiнiң құнын бiр мезгiлде немесе бөлiп төлеуге болады. Бөлiп төлеу кезеңi 10 жылдан артпауға тиiс"; бесiншi абзац алынып тасталсын; "Мiндеттеме" атты № 2 қосымшадағы "қалған бөлiгiн" деген сөздер "құнын" деп түзетiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі және Әдiлет министрлігі "Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 14 қаңтардағы Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |