Торғай облысының ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде "Росконтракт" Федеральдық Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына шет ел инвестицияларын тарту, республиканың ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi арттыру мақсатында және "Шет ел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен ұқсату үшiн жағдайлар жасауға бағытталған ұйымдастырушылық және басқарушылық шаралар кешенiн жүргiзе отырып басты мiндетi Державин, Есіл, Жақсы, Қима және Октябрь аудандарының ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына шет ел инвестицияларын тарту болып табылатын инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының Торғай облысында жүзеге асыру жөніндегі Торғай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң және "Росконтракт" Федералдық контракт корпорациясы" Россия акционерлік қоғамының (бұдан былай - "Росконтракт" корпорациясы) бастамасы мақұлдансын. "Росконтракт" корпорациясы шет ел инвесторы (шет елдiк заңды ұйым) болып табылады, тиiстi кепiлдiктердi шектеусiз пайдаланады және Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда көзделген шет ел инвесторларына ұлттық режим беру принципiне сәйкес iс-әрекет етедi. 2. Торғай облысының аталған аудандарында инвестициялық жобаны жүзеге асыру шет ел капиталын тарту, сондай-ақ жоба шеңберiнде инвестордың ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатудан алған пайдасының бөлiгiн өндiрiсте қайта инвестициялау негiзiнде атқарылатын болады деп белгiленсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|