|
|
|
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi оқу орындарының
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2687 өкімін орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Алматы жоғары мектебi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетiнiң Алматы жоғары тергеу мектебi; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Қарағанды жоғары мектебi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетiнiң Қарағанды Жоғары тергеу мектебi болып қайта аталсын. 2. Аталған оқу орындарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi мен Iшкi iстер министрлігінiң бiрлескен келісімiмен iшкi iстер органдарына, оның iшiнде бұрынғы оқытқан мамандықтар бойынша да кадрлар даярлау жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |