|
|
|
Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң жанындағы Экономикалық "Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанынан Экономикалық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы № 32 қаулысын iске асыру және ғылыми-экономикалық зерттеулер сапасын арттыру, жалпы әлемдiк стандарттарға сәйкес болжамдық-талдау жұмыстарын ұйымдастыру және экономикалық проблемалар бойынша ғылыми-зерттеулер жүргiзу үшiн бөлiнетiн мемлекеттік қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты (бұдан әрi - Экономикалық зерттеулер институты) Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, кәсiпорындарымен және ұйымдарымен, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен және өкiлдiктермен тиiстi шарттар (контрактiлер) жасау жолымен ғылыми-зерттеулердi, консалтингтiк және ғылыми-ақпараттық сипаттағы басқа да қызмет көрсетулердi жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады деп белгiленсiн. 2. Экономикалық зерттеулер институты жүзеге асыратын және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-экономикалық зерттеулер мен болжамдық-талдау жұмыстарының басты тапсырыс берушiсi Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі болып белгiленсiн. 1996 жылдың сәуiр айынан бастап 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға арналған қаражаттар шеңберiнде аталған жұмыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі арқылы Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы жүзеге асырады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы бұрынғы Экономика және нарықтық қатынастарын ғылыми-зерттеу институтының қарыздарының құрылымдарын осы қарыздарды өтеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн айқындау мақсатында оларды қайта құрылымдауды жүзеге асыруды ескере отырып қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |