|
|
|
Европалық Қоғамдастық Комиссиясының кредитi бойынша берешектi "Астана дәрi" акционерлік қоғамының Европалық Қоғамдастық Комиссиясының кредитi бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Астана дәрi" акционерлік қоғамының Европалық Қоғамдастық Комиссиясының кредитi бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы 7,2 млн. (жетi миллион екi жүз мың) теңге берешегiнiң бiр бөлiгiн олар "Астана дәрi" акционерлік қоғамы ұйымынан қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес алған дәрiлiк препараттар үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң республикалық емдеу мекемелерiн қаржыландырудың есебiне есептеу жүргiзсiн. 2. Берешектi есептеу аталған соманы республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiп жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 683 қаулысына қосымша Республикалық емдеу мекемелерiнiң 1996 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Астана-дәрi" акционерлік қоғамының есебiне қабылданатын берешегi _______________________________________________________________ Дәрiхананың і Ұйымның атауы і Сомасы, номерi і і мың теңге _______________________________________________________________ 58 Қазақ онкология ғылыми-зерттеу институты 92 -"- Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң госпиталi 1521 64 Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты 1409 78 Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институты 2050 65 Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институты 1587 -"- Қазақ Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 519 емханасы -"- Республикалық стоматологиялық емхана 7 -"- Республикалық консультациялық емхана 15 Барлығы 7200
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |