| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Конверсияланатын қуаттарда мұнайгаз өндiрiлетiн сала мен су тазартуға Қазақстан Республикасы экономикасының мұнайгаз саласын импорттың орнын басатын жабдықпен қамтамасыз ету, мұнайгаз ресурстарын кешендi игеру мен ұқсатуға арналған жаңа технологияларды тарту, "Зенит" Орал зауыты" акционерлік қоғамының конверсияланып жатқан қуаттарын жұмыспен қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Орал қаласында "ПЕПЕ Интернэшнл ИНК." америка компаниясымен бiрлесiп мұнай мен газды тасымалдауға әзiрлеуге арналған жабдық, сондай-ақ мұнайгаз өңдеу және су тазарту жабдығын шығару жөнiнде өндiрiс құру мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетпен бiрлесiп құрылып жатқан кәсiпорындағы Қазақстан жағының мемлекеттік үлесiнiң құрамы мен мөлшерiн белгiленген тәртiппен айқындасын. 3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар Жарлығының 41-бабына сәйкес Қазақстан аумағында мұнай мен газды барлаумен, өндiрумен, тасымалдаумен, сақтаумен және ұқсатумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын компанияларға американ-қазақстан бiрлескен өндiрiсiнiң мұнайгаз жабдықтарын олар бәсекелестiк қабiлетi болып, халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда басымдықта сатып алу ұсынылсын. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Премьер-Миниcтрдiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |