| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 мамырдағы № 627 Бюджеттік ұйымдардың Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына төлейтiн сақтандыру жарналары жөніндегі берешегiн өтеудi тездету, балалы отбасыларына жәрдемақы төлеуге жұмсалған шығындардың орнын толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Бюджеттік ұйымдардың Зейнетақы қоры алдындағы берешегiн өтеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 мамырдағы № 627 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1996 жылдың 30 маусымына дейiн жоғарыда көрсетiлген процентсiз бюджеттік несие сомасынан 2-қосымшада көзделген 1600 млн. теңгенi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне аударсын; Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі бюджеттік ұйымдардың Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеу және балалы отбасыларына жәрдемақы төлеуге жұмсалған шығындардың орнын толтыру жөніндегі берешегiн өтеу жөнiнде облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен өзара есептеме жүргiзсiн". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |